Грузияда биліктегі партия екінші кезеңде жеңіске жетті  

Грузияда биліктегі партия екінші кезеңде жеңіске жетті  

Грузияда муниципалды сайлаудың екінші кезеңінде биліктегі «Грузин арманы» партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жетті.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлаудың бірінші кезеңі 2 қазанда өтіп, 20 ірі қала мен ауданда мэрдің орнына таласқандардың ешқайсы, тиісті дауыс жинай алмаған еді. Сондықтан екінші кезең қайта тағайындалды. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми мәлімет бойынша, Тбилисиде, Каха Ка-ладзе екінші мәрте қала басшысы атанды. Ол қарсыласынан 11 процент дауыс артық алған. Ал Руставиде, әйел адам әкім болды. Екінші кезең барысында жіберілген кемшіліктер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалған.

Натия Иоселиани, Грузия орталық сайлау комиссиясының ресми өкілі:

– 40 округ пен 1868 окруктік комиссия ковид талаптарын қатаң сақтай отырып, сайлауды үлкен жауапкершілікпен өткізді. Ел бойынша сайлау учаскелерінің 95 проценттен астамындағы дауыс саналды. Мажоритарлық бюллетеньдерді санау ғана қалды.