Мексикада газ құбыры жарылды

Мексикада газ құбыры жарылды

Мексиканың Пуэбла штатында газ құбыры жарылды. 54 үй мен бірқатар мекеменің күл-талқаны шықты. 1 адам мерт болған.

Тағы 10-нан астамы жарақат алды. Оның екеуі ауыр халде жатыр. Газдың жылыстауынан жарылыс бірнеше мәрте қайталанған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апат аймағынан 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Қала губернаторының хабарлауынша, мамандар үйінділер астында адам бар жоғын тексеріп жатыр. 

Жергілікті тұрғын:

- Газдың иісі қатты сезілді. Құжаттарымызды сыртқа алып шығаруға үлгірмедік. 200 шаршы метр болатын баспанам толық қирап қалды. Енді үйінділер астынан жоғалған құжаттарымды іздеп табуым керек.