Коста-Рикада 2,5 тонна есірткі тәркіленді

Коста-Рикада 2,5 тонна есірткі тәркіленді

Коста-Риканың Лимон қаласында полиция 2,5 тонна есірткі тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің қоғамдық қауіпсіздік министрінің айтуынша, заңсыз тауар Еуропаға жеткізілуі тиіс болған. Колумбиядан шыққан есірткі Коста-Риканың Мойн портына жеткен.

Айта кетейік, өңірде қылмыстың бұл түрі қазан мен қараша айларында жиі тіркеледі. Сол себепті АҚШ, Колумбия мен Панама биліктері де өз еліндегі есірткімен күрес жұмыстарын күшейте түсті. Статистика бойынша Коста-Рикада жыл басынан бері 15 мың келіден астам кокаин тәркіленді.