430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та балаларды коронавирусқа қарсы егу басталады

  • 117
  • UPD: 10:43, 02.11.2021
АҚШ-та балаларды коронавирусқа қарсы егу басталады

Осы аптада коронавирусқа қарсы 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды егу шарасы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін Pfizer BioNTech компаниясының екпесі таңдалды. Препаратты өткен жұма күні елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмекті санитарлық қадағалау басқармасы қолдануға рұқсат берді.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, жуық арада екпе орталықтарына миллиондаған доза жеткізіледі. Үкімет осы жастағы 28 миллион балаға жеткілікті дәржеде доза сатып алған.

Мамандардың айтуынша, екпенің ковидке қарсы қорғанышы 90 процентті құрайды.

Мэтью Харрис, дәрігер:

- АҚШ-та осы уақытқа дейін 18 жасқа дейінгі 6 миллион баладан коронавирус анықталғанын білеміз. Олардың 2 миллионы 5 пен 11 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Бұл балаларды жедел вакциналау қажет екенін көрсетіп отыр. Мен өзім екі баланың әкесімін. Бұл – ата-аналар үшін қиын таңдау. Бірақ балаларымызды жұқпалы дерттен қорғаудың ең тиімді жолы осы.

Айта кетейік, бұған дейін «Модерна» компаниясы да коронавирусқа қарсы 6 мен 11 жас аралығындағы балаларға арналған екпе жасап шығарғанын мәлімдеген еді. Бірақ бірлестік өткен жексенбі күні АҚШ-тың реттеуші органына оны қолдануға өтініш беруді кейінге қалдыратынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы