Ресейде Sputnik жыл сөзіне айналды

Ресейде Sputnik жыл сөзіне айналды

«Спутник» сөзі бұрынғыға қарағанда 9 рет жиі айтылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Пушкин атындағы орыс тілі институтының зерттеуі көрсетіп отыр. Ал екінші орында «Ауғанстан» сөзі жиі қолданылса, үшінші орында "Солтүстік ағыс" сөз тіркесі жиі айтыла бастаған.

Айта кетейік, бұған дейін жыл сөзін Оксфорд сөздігі жариялаған болатын. Бұл сөздіктің зерттеуі бойынша биыл «вакс», яғни «вакцина» сөзінің қысқаша атауы көбірек қолданылған екен. Бұл сөз өткен жылмен салыстырғанда 72 мәрте жиі айтылған.