Ауғанстандағы ауруханаға жасалған шабуылды ДАИШ өз мойнына алды

Ауғанстандағы ауруханаға жасалған шабуылды ДАИШ өз мойнына алды

Кабулдағы әскери ауруханаға жасалған шабуылды ДАИШ экстремистік ұйымы өз мойнына алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 25 адамға жеткен. Тағы 50 тұрғын жарақат алды. Бұған дейін 15 адамның қаза тапқанын жазғанбыз

Айта кетейік, ауруханада 2 рет жарылыс болған еді. Оның біреуін жанкешті жасаған. Осыдан кейін содырлар ғимаратқа шабуылдаған.

«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілінің мәлімдеуінше, 4 экстремистің көзі жойылып, біреуі қолға түскен.