Нидерландта коронавирус шектеулері қайта енгізілді

Нидерландта коронавирус шектеулері қайта енгізілді
Укринформ

Бұл елде коронавирус өршіп барады.

Осыған байланысты үкімет шектеу шараларын қайта енгізіп жатыр. 6 қарашадан бастап барлық қоғамдық орындарда бетпердемен жүру міндетті болмақ. Ережені бұзғандарға 95 еуро айыппұл салынады. Сондай-ақ мейрамханаларға, театрларға, концерт залдарына, кинотеатр мен спорттық-мәдени іс-шараларға кіру үшін «ковид куәлігі» талап етіледі. Бұдан басқа қызметкерлерге үйде жұмыс істеуге рұқсат беріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Нидерландта шектеулер 25 қыркүйекте алынған болатын.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі:

– Вакцина алған немесе әзірге салдырмаған барлық азаматты қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды барынша қатаң сақтауға және ауру белгілері байқалса, үйден шықпауға шақырамын. Коронавирустың өршімеуі біздің өзімізге байланысты.