Грузияда аяқталу мерзімі белгісіз шеру басталды

Грузияда аяқталу мерзімі белгісіз шеру басталды
Хабар 24

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили қамалған түрменің жанында шеру басталды.

Рустави қаласында муниципалды сайлау нәтижесі бұрмаланды деп, оны мойындамайтын оппозиция көшеге шықты. 64 қала мен 63 ауданда биліктегі «Грузин арманы» партиясы жеңіске жетті. Тек шалғайдағы бір ғана ауданда «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының үміткері басым түскен. Наразы топ Саакашвилиді түрмеден тез арада босатуды талап етіп отыр.

Куәгер:

– Жақсы істер атқарса да, түрмеде еш жазықсыз отырған Саакашвилиге қолдау көрсету үшін келдік. Ол қазіргі билік 9 жылда бітіре алмаған қыруар іс тындырған адам.

Бір айдан бері қарсылық белгісі ретінде нәр татпаған Михаил Саакашвили де жақтастарына қолдау көрсетуде. Ол түрмеден босаған бетте кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге уәде берді.