Чилиде белгісіз топ жүк пойызына шабуыл жасап, өртеп жіберді

Чилиде белгісіз топ жүк пойызына шабуыл жасап, өртеп жіберді

Чилиде белгісіз топ жүк пойызына шабуыл жасап, өртеп жіберді.

Оқиға елдің батысындағы Араукания аймағында болды. Қарақшылар шойын жолға бөгет қойған. Соның салдарынан вагондар рельстен шығып кеткен. Бірақ шабуылдаушы топ бір де бір тауарға тиіспеген күйде жағып жіберген.

Шабуылдан жолаушылар зардап шеккендер жоқ. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл аймақта мапуче деп аталатын байырғы үндіс халқы мен билік арасындағы қақтығыс бұрыннан жалғасып келеді. Тіпті, бұл жағдайға байланысты өңірде төтенше жағдай енгізілген.