Қытайлық ғарышкер әйел алғаш рет ашық кеңістікке шықты

Бұл жетістікке «Шэньч-жоу-13» ғарыш кемесімен аттанған экипаж құрамының мүшесі 41 жастағы Ван Япин есімді әйел қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қытайдың ғарыштағы «Тянь-гун» станциясынан шығып, миссия командирімен бірге ашық кеңсітікте 6,5 сағат жұмыс істеді. Олар бірнеше міндетті орындап, ғарышкерлерге арналған киімдерді сынақтан өткізді.

Айта кетейік, Қытай «Шэньч-жоу-13» кемесін 16 қазанда ұшырған болатын. Ол ғарыштағы «Тяньгун» станциясына негізгі модульді жеткізді. Жалпы Қытай 400 шақырым биіктіктегі бұл станцияны келесі жылы салып бітірмекші.