Ұлыбританияда оймен басқарылатын дрон пайда болды

Ұлыбританияда оймен басқарылатын дрон пайда болды

Британ компаниясы осындай құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дрон адамның ойын оқи алады. Адам ойын оқу арқылы көкке көтеріліп, жерге қона алады. Тек ұшу құрылғысын басқарып отырған адам ноутбук экранына қарап отырса болды. Басқа киетін арнайы датчик мидағы сигналдарды оқып, дронға пәрмен береді.

Жоба авторларының айтуынша, бұл жаңашылдықты тек дрондарға ғана емес, басқа да салаларда қолдануға болады.