SpaceX ғарыш станциясына астронавттарды ұшырды

SpaceX ғарыш станциясына астронавттарды ұшырды

Спейс Икс компаниясының зымыран тасығышы халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

Ұшу шамамен 20 сағатқа созылады. Экипаж құрамында НАСА және Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавттары бар. Олардың миссиясы жарты жылға созылады. Осы уақыт ішінде астронавттар биология, медицина және навигация саласындағы зерттеулермен айналысады.

Айта кеткен жөн, бұл НАСА мен Спейс Икс компаниясының 9 жылдық үзілістен кейінгі үшінші ортақ жобасы болып отыр. Негізі ұшу қазанның аяғына жоспарланған еді. Алайда ол бір рет ауа райының қолайсыздығына, содан кейін астронавттың денсаулығына байланысты кейінге шегерілді.