«Бомба қойылған»: АҚШ-тың үш бірдей университетінде эвакуация жарияланды

«Бомба қойылған»: АҚШ-тың үш бірдей университетінде эвакуация жарияланды
USA.one

Оңтүстік Калифорния университеті, Нью-Йорк университеті және Массачусетс технологиялық институты бейсенбіде жарылыс қаупіне байланысты кампустарды эвакуациялау туралы бұйрықтар шығарды. Бұл туралы ABC хабарлайды.

Оңтүстік Калифорния университетінің аумағын толықтай тексеріп шыққан құқық қорғау органдары бомба қойылғандығы туралы ақпаратты жалған деп атады, университет жұмысын жалғастыруда. Массачусетс технологиялық институтының аумағында да жарылғыш заттың бар екендігі туралы дәлелдер расталған жоқ.

Соңғы аптада АҚШ-тағы бірнеше университет жарылыс қаупіне байланысты қызметкерлер мен студенттерді эвакуациялады, олар кейіннен жалған болып шықты. Өткен жұмада Йель университеті, ал жексенбіде Колумбия, Корнелл және Браунов университеттерінде эвакуация жүргізілді.