Ресейде коронавирусқа қарсы биологиялық қоспа жасап шығарылды

Ресейде коронавирусқа қарсы биологиялық қоспа жасап шығарылды

Ресей ғалымдары коронавирусқа шалдыққан адамда вирустың шоғырлануын 16 есе азайтатын биологиялық қоспа жасап шығарды.

«КовБАД» деп аталған биологиялық қоспаны науқас тамағына салып ішкен соң ағзадағы коронавирустың мөлшері азайып ауру қатты асқынбайтын көрінеді.

Жалпы қазір Ресейде коронавирусқа шалдыққан науқастардың сырқатын жеңілдетіп, тез сауығуы үшін бірнеше препарат сынақтан өткізіліп жатыр. Бірақ сарапшылар дерттен қорғайтын ең сенімді әдіс вакцина деп отыр.