Судандағы шеру кезінде 5 адам мерт болды

Судандағы шеру кезінде 5 адам мерт болды

Суданда әділдік іздеген халық шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар билікті басып алған армияның саясаттан кетуін талап етіп, наразылық білдірді. Бірақ шеру соңы қақтығысқа ұласып, 5 адам қаза тапты.

Құқық қорғаушы ұйым өкілдерінің айтуынша, полицейлер шеруге шыққан топқа қару қолданған. Салдарынан ондаған азамат жарақат алған. 25 қазан күні Суданда мемлекеттік төңкеріс болған еді. Әскерилер ел премьер-министрі Абдулла Хамдукты қамауға алып, тағы бірнеше саясаткер мен шенеунік ұсталған болатын.

– 1956 жылдан бері әскерилер осымен үшінші рет билік басына келіп отыр. Бірақ олар ештеңе істей алар емес. Керісінше, біз бүкіл әлемнен артта қалып барамыз. Саяси партияларды жақсы демеймін. Олар тек өз мүддесі үшін әрекет етеді. Елдің дамуының жалғыз жолы – азаматтық демократиялық басқару жүйесі дер едім.