Қытайда антиденелерден жасалған коктейль мақұлданды

Қытай коронавирусқа қарсы антиденелерден тұратын алғашқы препаратты мақұлдады.

Бұлар белгілі бір нәрсеге бағытталған ақуыздар. Аталған препарат ковид-19-дың бастапқы деңгейін әрі қарай асқындырмау үшін қолданылады. Сынаққа дельта штамына шалдыққан 700-ден астам науқас қатысқан. Мұндай іс-тәжірибе АҚШ, Аргентина, Оңтүстік Африка, Бразилия, Филиппин және Мексика елдерінде де өткізілді. Препарат келесі айда сатылымға түспек. Оны жасаған компания АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын, санитарлық бақылау басқармасынан төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беруді сұраған. Емі бар коктейльді, кезінде экс-президент Дональд Трамп қабылдапты.

Чжан Линьци, медицина профессоры:

- Коронавирус жұқтырған адамның ағзасы көп антидене бөледі, бірақ олардың бәрі бірдей вирусқа қарсы тиімді емес. Біздің зерттеуіміздің мақсаты ең күшті антиденелерді іріктеп, науқастарды емдеп, жазатын препарат ретінде пайдалану.