Асуан провинциясын шаяндар жайлап алды

Асуан провинциясын шаяндар жайлап алды

Ал өткен күні Египеттің оңтүстігіндегі Асуан провинциясында да жаңбыр селдетіп, су тасыды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ауа райының күрт бұзылуынан қалаларда шаян қаптап, адамдарды шағып, 4 кісі мерт болды. Тағы 500-ден аса тұрғын ауруханаға түсті. Тұрғындар мен саяхатшыларға уақытша үйден шықпай көп тал өскен жерлерен алшақ жүруге кеңес берілген. 

Ахмед, жергілікті тұрғын:

– Судың ағысы өте қатты болды. Дүние мүлкіміздің бәрі су астында қалды. Адамдарды құтқару үшін оларды арқалап алып шықтық

КАНАДАДА БІР КҮНДЕ БІР АЙЛЫҚ ЖАҢБЫР ЖАУҒАН

Канаданың Британиялық Колумбия аймағында бірнеше күннен бері нөсер тоқтамай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында толассыз жауған жаңбыр мен тасқыннан бір адам опат болды. Тағы 3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. 18 мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Жолдар мен көпірлерді су шайып, лай көшкіні жүріп, өңір экономикасына едәуір шығын келді. Күн сайын 440 миллион доллар жүк қабылдап жөнелтетін ірі порт жұмысы уақытша тоқтатылып, күн сайын 300 мың баррель мұнай тасымалдайтын құбыр жабылды. Өңірдегі барлық темір жол қатынасы тоқтатылған. Жергілікті билік, аймақ мұндай тасқынды соңғы 500 жылда алғш рет бастан кешіп отыр дейді. Бірнеше күннің ішінде өңірге бір айлық жаңбыр жауған. Табиғат апатына байланысты төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстарына әскрилер жұмылдырылып жатыр.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

– Керек-жарақты тез жеткізу және мұқтаж адамдарды көшірісу үшін Британиялық Колумбия провинциясына жүздеген сарбаз жіберілді. Ауыр жағдайдағы тұрғындардан қолдан келген барлық көмекті аямаймыз.

Джон Хорган, Британиялық Колумбия провинциясының премьері:

–Жақын күндері құрбандар саны өсуі мүмкін. Біздің аймақ соңғы 500 жылда болмаған табиғи апатқа тап болды. Бұл оқиғаларға климат өзгерісінің тікелей әсері бар. 2030 жылға дейін жоспарланып жатқан «Жол картасы» табиғи апаттардың зардабын азайтуға көмектеседі деген үміттеміз.

АРАЛДЫ АЙМАҚТА ЕКІНШІ РЕТ СУ ТАСҚЫНЫ ЖҮРДІ

Италияның Сицилия аралында осы айда екінші рет дауыл соғып, су тасқынынан зардап шекті. Дүлей желден бір адам опат болды. Селдетіп жауған жаңбырдан бірнеше қаланың көшелері суға лезде толды. Әсіресе Сиракуза қаласы қатты зардап шекті. Аймақтағы бірқатар тас жолдарды су шайып, ауыл шаруашылығына көп нұқсан келген. Табиғат апатымен күрес жалғасуда.

ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫРДАН ФОРБС ҚАЛАСЫН СУ БАСТЫ

Ал Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында толассыз жауыннан Форбс қаласындағы өзен тасып, жолдарда балықтар пайда болды. Өңірдегі су қоймалары арнасына лық толып, тасқын қауіпі күшейген. Ауа райын болжаушылар алдағы күндері тағы дауыл соғып жаңбыр жаууы мүмкін деп отыр.

ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 480 МЛН ДОЛЛАР БӨЛІНДІ

Қытай билігі Хэнань, Шаньси, Шэньси және Ганьсу провинциясында ақжауын мен су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін 480 миллион доллар қаржы бөлді.

Ресми дерекке қарағанда, биыл бұл мемлектте алдыңғы жылдарға қарағанда қатты су тасқыны тіркелген. Жыл басынан олардан 60 миллиондай тұрғын жапа шегіп, 3 жарым миллион кісі эвакуацияланған. 200 мыңнан аса үй мен ғимарат қирап, 600-дей адам опат болыпты.