Маска ковидтің таралуын 53% азайтады

Маска ковидтің таралуын 53% азайтады

Бетперде коронавирустың таралуын 53 процентке азайтады. Ал әлеуметтік арақашықтық сақтау індет жұқтыру қаупін 25 процентке тежейді.

Бұл туралы Австралиядағы Монаш университеті мен Шотландиядағы Эдинбург университетінің ғалымдары бірлесіп жүргізген арнайы зерттеулер барысында белгілі болды. Авторлар ковидке қарсы күрестің тиімділігіне бағытталған 30-дан астам басқа ғылыми еңбектерді зерделеген. Бұл зерттеу жұмыстарына 390 мыңдай адам қатысқан. Сондай-ақ қолды жиі жуу да адамды вирустан ұтымды сақтайтыны дәлелденген. Ғалымдар мектептерді немесе кәсіпорындарды жабу, ұшақпен сапар жасауға тыйым салу сияқты шектеулердің қаншалықты тиімді екендігі әлі белгісіз дейді.