Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның шығысындағы Эрзурум провинциясында жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

5,1 балдық дүмпу көршілес Ағры мен Карс провинцияларында да сезілген.

Эрзурум губернаторының хабарлауынша, 4 адам жарақат алған. Жер сілкінісінен үйлер қирап, жолдар жабылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Түркияның Дүзже провинциясында да 5 балдық жер сілкінісі болып, провинция тұрғындарын әбігерге салған еді.

Окай Мемиш, Эрзурум губернаторы:

– Апатқа байланысты шұғыл орталық құрылды. Төтенше жағдай қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Топчу ауданы маңына шоғырландық. Қаза тапқандар жоқ.