АҚШ-та 18-ден асқандарға вакцинаның 3 дозасы беріле бастайды  

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы ковид вакцинасының бустер дозасын 18-ден асқандарға салдыруға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ол үшін екінші дозаны салдырғаннан кейін кем дегенде 6 ай өту керек дейді мамандар. Елдің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы да аталмыш бастаманы қолдайтынын мәлімдеп, вакциналанбаған 47 миллион ересек америкалықты екпе салдыруға шақырды.

Естеріңізге салайық, осы уақытқа дейін бустер дозасы тек 65 жастан асқандар мен иммундуқ жүйесі әлсіз және арнайы күтімді қажет ететін америкалықтарға рұқсат етілген еді.

Рошель Валенски, АҚШ Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының директоры:

– Вакцинаның бустерлік дозасын алған азаматтардың індетті жұқтыру қаупі әлдеқайда төмен. Сондықтан үшінші екпені алу өте маңызды. Қазір 65 жастан асқан қарттар ауруханаға көп түсіп жатыр.