Пәкістанда жүзден астам үй өртке оранды

Пәкістанда жүзден астам үй өртке оранды

Пәкістанның Карачи қаласындағы аудандардың бірінде өрт шығып, 100-ден астам баспана өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Апат кезінде опат болғандар жөнінде хабарланған жоқ. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Карачидегі Ляри өзенінің бойында негізінен әлеуметтік әлсіз топқа жататындардың үйлері болатын. Қыстың көзі қырауда жылыну үшін тұрғындар көбіне от жағады. Соның салдарынан мұнда өрт деректері жиі кездеседі.  

Миан Джагия, тұрғын:

– Баспанамыздағы жиһаз бен ыдыс-аяқтың түгі қалмай өртеніп кетті. Таңертеңнен бері ашқұрсақ жүрміз. Кішкентай балаларымызды мына суықта қалай асыраймыз. Үкіметтен бізге көмек беруін сұраймыз.