Иерусалимде атыстан екі адам қаза тапты

Иерусалимде атыстан екі адам қаза тапты

Иерусалимнің Ескі қаласында атыстан 2 адам мерт болды.

Олардың біреуі оқ атқан қаскүнем. Тағы екі тәртіп сақшысы мен бір бейбіт тұрғын жарақат алған. Оқиға Аль-Акса мешітінінің жанында болған. 42 жастағы палестиналық көшедегі адамдарға еш себепсіз оқ жаудырған. Болжам бойынша күдікті Хамас лаңкестік ұйымының мүшесі.

Израиль ішкі қауіпсіздік министрінің хабарлауынша оқ атқан қаскүнем еврейлердің ұлттық киімін киген екен.  Жергілікті билік оқиғаны террорлық әрекет деп бағалады.