Австралия шекарасын ашады

Австралия шекарасын ашады

Австралия желтоқсан айынан бастап толықтай вакциналанған студенттер мен визасы бар басқа да азаматтар үшін шекарасын ашатын болды.

Атап айтқанда, екпе салдырған оңтүстік кореялықтар мен жапондар үшін ел аумағына өтуге рұқсат етіледі. Бизнес-визасы бар тұлғалар да осындай мүмкіндікке ие болады. Осылайша үкімет ел экономикасын жандандырмақ ниетте. Мәселен, тек шетелдік студенттердің Австралияға қайтуынан ел экономикасына шамамен 25 миллиард доллар түседі екен.

Айта кетейік, бұл ел коронавирустың таралуын тежеу мақсатында былтыр мамыр айында өз шекарасын жапқан еді.