Еуропаның бірқатар қаласында жаңажылдық жәрмеңкелер ашыла бастады

Еуропаның бірқатар қаласында жаңажылдық жәрмеңкелер ашыла бастады

Рождество қарсаңында Еуропаның бірқатар қаласында мерекелік жәрмеңкелер ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ кәрі құрлық қазір індет ошағы саналғандықтан, олардың көбі қауіпсіздік шараларын сақтауға мәжбүр. Мәселен, Франкфурт қаласының тұрғындары маскамен жүруі керек. Және арнайы орындарда қолдарын дезинфекциялауы да керек. Ғимаратқа кірерде міндетті түрде вакциналау сертификатын ұсынулары тиіс. Ал Дрездендегі жағдай мүлдем басқа. Мұнда вирус жұқтыру деректерінің көбеюіне байланысты бұқаралық іс-шаралардың көбі кейінге қалдырылған. Нюнбергте рождестволық базар тіпті жабық. Өз кезегінде, Австрияда 10 күндік локдаунға байланысты жәрмеңкелер жұмыс істемейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық ұйымы шектеу шараларын қатаңдатып, вакциналау ісін қарқындата түспесе, осы қыста ковидтен 500 еуропалық көз жұмуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын.