Соломон аралдарында шерушілер бірнеше ғимаратты жағып жіберді

Соломон аралдарында шерушілер бірнеше ғимаратты жағып жіберді

Соломон аралдары астанасы Хониаруда қайта толқулар болып, шерушілер қаладағы қытай ауданында бірнеше ғимаратты жағып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Бұған дейін қарсылық акцияларын ұйымдастырушылар парламентке басып кіруге талпынып, дүкендерді тонаған. Осыған байланысты полиция шаһарда тәртіпсіздікті тоқтату үшін қалаға кіріп-шығатын жолдардың бәрін жауып, бақылауға алған. Ал аралды елде толқулар Малаита провинциясы тұрғындарының билік аймақты дамытуға көңіл бөлмей отыр деп айыптауынан бастаған. Себебі үкімет өңірде бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырудан бас тартқан.