ОАР-ға барған шетелдіктер омикрон штамының кесірінен еліне қайта алмай жүр

Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласындағы халықаралық әуежайда шетел азаматтары өз еліне қайта алмай әлек.

Бұған омикрон штамының шығуына байланысты әлем елдерінің Оңтүстік Африка өңірлеріне қатынайтын рейстерін тоқтатып тастауы себеп. Саяхатшылар жарияланған санитарлық шектеулер қалтадан қағатынын айтып отыр. Бұған қоса еліне оралған турист міндетті түрде карантинде отыруы тиіс.

Айта кетейік, коронавирустың омикрон штамы бүгінде Бельгия, Германия, Израиль, Ботсвана мен Гонконгте анықталды. Осыған орай Еуроодақ, Ұлыбритания, Шри-Ланка, Таиланд, Оман мен Жапония елдері арадағы көлік қатынасын уақытша тежеп тастады.

Джойс Маака, Ұлыбритания тұрғыны:

- Жағдайға мүлдем көңілім толмайды. Уақытылы өз рейсіме отыра алмадым. Жұмысқа кешігетін болдым. Бұл аздай Франкфурт қаласында 10 күндей карантинде отыруым керек. Ал шығынды өз қалтамнан шығаруым керек.