Жапонияда логистикалық қойма өртінің түтіні тұтас қаланы тұмшалады

Жапонияда логистикалық қойма өртінің түтіні тұтас қаланы тұмшалады

Жапонияда 6 қабатты логистикалық қойма өртенді. Оқыс оқиға Осака қаласында болған.

Ғимарат өртенген сәтте оның ішінде 100-ге жуық адам жүрген екен.

Абырой болғанда, барлығы дер кезінде эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ өрттің түтіні бүкіл қалаға тарап кеткен. Тілсіз жау 20 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз.