Оңтүстік Кореяда санитарлық шектеулер жеңілдетілген жоқ

Оңтүстік Кореяда санитарлық шектеулер жеңілдетілген жоқ

Сеулде санитарлық шектеулерді жеңілдетпеуді шешті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы бүгін өткен арнайы мәжілісте президент Мун Чже Ин мәлімдеді. Елдегі ойын-сауық орындарының жұмыс уақыты ұзартылып, бұқаралық шаралар өткізуге рұқсат берілгеннен кейін ковид дертін жұқтыру саны екі есе артты. Қараша айында бір тәулікте 4 мыңнан астам науқас анықталып, ковид жұқтыру бойынша антирекорд орнатылды. Алайда мемлекет басшысы ойын-сауық пен мәдени мекемелер бұрынғыша істейтінін мәлімдеді. Ал коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін Мун Чже Ин қайта вакциналауды үдетіп, жасөспірдерге екпе салуды бұйырды. Үкімет вирустың жаңа омикрон штамының пайда болуына да шара қабылдады. Сондай-ақ Африкадағы 8 ел тұрғындарына виза беру мен елге келуі шектелді.