Түркияда дауылдан 4 адам қаза тапты

Түркияда дауылдан 4 адам қаза тапты

Ыстамбұлда қатты дауыл тұрып, 4 адам қаза тапты. Тағы 20-ға жуық тұрғын жарақат алды. Оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Шаһарда жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жеткен күшті желдің салдарынан кеден бекетіндегі сағат мұнарасы құлап, бірқатар үйдің шатыры ұшты. Тіпті қалааралық жолда 3 жүк көлігі аударылып, көлік қатынасына шектеу қойылды. Мармара мен Эгей теңізіндегі кеме қатынасы түгел тоқтады. Ыстамбұлдағы әуе рейстері кейінге шегерілді. Синоптиктер дауылдың әлі бірнеше күн бойы жалғасатынын айтады.

Еске сала кетейік, былтыр тап осы мезгілде Түркияның Измир провинциясында қатты дауыл болып, бірнеше аудан су астында қалған еді.