Рождестволық сыйлықтар уақытылы жеткізілмеуі мүмкін 

Рождестволық сыйлықтар уақытылы жеткізілмеуі мүмкін 

Биыл әлемнің көп елі рождествоға тапсырыс берген сыйлықтарын уақытылы ала алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өйткені қазірдің өзінде тауар жеткізуде қиындық бар. Мәселен, Еуропадағы екінші ірі порт - Антверпендегі кемелер бірнеше күннен бері кешігіп жатыр. Бұған коронавирусқа байланысты шектеу шаралары себеп. Қазір тауарлардың тек 20-30 проценті ғана уақытында жеткізіледі. Әсіресе киім-кешек, электронды және ойыншықтардың тасымалы қиынға соғып тұр. Бірақ Рождествоға сыйлыққа дәл осы тауарларға тапсырыс көп.