Нидерланд студенттері мәтінді ағылшыншаға «аударатын» қолғап ойлап тапты

Кәдімгі қолғап сізге аудармашы бола алады. Яғни өзге тілді түсінбесеңіз көмектеседі.

Нидерланд студенттері осындай аудармашы-қолғап ойлап тапты. Құрылғы басқа тілдегі мәтінді ағылшын тіліне аударады. Яғни оны  киген адам шет тілдегі сөздердің аудармасын вибрация арқылы түсінеді. Әзірге құрылғы тек мәтін түріндегі ақпаратпен жұмыс істей алады. Алайда болашақта өнертапқыштар оны жетілдіріп, ауызша әңгімені де аудару жағын қарастырып отыр. Ғалымдар мұндай қолғаптың әсіресе есту қабілеті нашар адамдар үшін көп пайдасы барын айтады.