Енді 30 жылда әлемде қала тұрғындарының саны үш млрд-қа өседі

Енді 30 жылда әлемде қала тұрғындарының саны үш млрд-қа өседі

Сөйтіп жер шарындағы халықтың үштен екі бөлігі шаһарларға жайғасады екен, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді күн райы өзгеріп, ел тығыз қоныстанған жағдайда қаланың тұрмысы қалай болмақ? Ғалымдар осыған алаңдап отыр. Статистикаға сәйкес, мегаполис тұрғындарының 70% жұмыс орны қашықта. Ал орталықтағы ғимараттардың көбісі тек жартылай қолданылады. Бұл рәсуа. Зерттеушілер 15 минуттік қала құру керек дейді. Яғни балабақшалар, мектептер мен жұмыс орнына жетуге бұдан көп уақыт кетпеуге тиіс.  

Жан Жузель, климатолог:

– Бұл маңызды. Бейімдеу қажеттігі бойынша қалалар бірінші қатарда тұр. Ірі шаһарларды аптап ыстық кезеңдер немесе су тасқыны қаупіне дайындау керек. Мұның негізінде ғаламдық жылынумен күрес тұруы тиіс.