Ресейде қалың қар жауды

Ресейде қалың қар жауды

Ресейде қыстың алғашқы айы қалың қар жауумен басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Елдің көп аймағы ақ ұлпаға көмілді. Ауа райын болжаушылар Мәскеуде боран болатынын ескертуде. Шаһардың кей аудандарында көктайғақ орнаған. Санкт-Петербургте де ауа температурасы күрт төмендеді. Қалада жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетеді. Ал елдің Қиыр Шығысында қарлы боран соғып, Хабаровскта төтенше жағдай енгізілді. Қолайсыз ауа райынан қоғамдық көлік қатынасы тұралап, ондаған әуе рейсі кейінге шегерілген.