Әлемдік Elle журналы жануарлар терісін көрсетуден бас тартты

Әлемдік Elle журналы жануарлар терісін көрсетуден бас тартты

Әлемге танымал «Эль» сән журналы жануарлар терісінен жасалатын киімдерді жарияламайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Журнал енді оларды қағаз жүзіндегі түрінде ғана емес цифрлық форматта да басып шығармайды.

Басылым өкілдерінің хабарлауынша, теріні қолдану сәннен шыққан және оқырмандардың құндылықтарына сай келмейді. Бұл шешім адамдардың жануарларды қорғау жөніндегі білімін арттыруға көмектесер деген де үмітте. Бұған дейін «Гуччи», «Александр Маккуин»,  және «Бриони» сынды танымал брэндтер де жануарлар терісінен бас тартатынын жариялаған.