Кенияда жолаушылар автобусы өзенге құлап, 23 адам қаза тапты

Кенияда жолаушылар автобусы өзенге құлап, 23 адам қаза тапты

Кенияның шығысында жолаушылар автобусы өзенге құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат салдарынан 23 адам қаза тапты. 18-і құтқарылды. Сапардағылар мерекелік шараға бара жатқан.

Көліктегі адам саны әзірге белгісіз. Көз жұмағандар саны 23-тен де көп болуы мүмкін.

Тергеу басталды.