Мәскеудегі атыстан екі адам қаза тауып, төрт адам ауыр жарақат алды

Мәскеудегі мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 45 жастағы ер адам атыс шығарды.

Қылмыскер орталықта жұмыс істейтін әйел мен тағы бір адамды атып өлтірді. Төрт адам жараланған. Олардың арасында он жастағы қыз бала бар. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың хәлі ауыр.

Қайғылы оқиғаға маска тағу жөнінде ескерту себеп болған. Ресей тергеу комитеті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.