ДДСҰ: Вакциналауды міндеттеу – төтенше шара  

ДДСҰ: Вакциналауды міндеттеу – төтенше шара  

Вакциналауды міндеттеу – өзге амал қалмағанда қабылданатын төтенше шара, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Ханс Клюге мәлімдеді.

Оның айтуынша, шектеулер халықтың жүйкесіне тиіп жүргені анық. Вакцинаны міндеттеуге ниетті еуропалық елдердің саны күннен-күнге артып келеді. Ал Австрия үкіметі міндеттеу ережесін енгізген. Ол келер жылдың бірінші ақпанында күшіне енеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау бөлімінің мәліметі бойынша екпе 400 мың адамның өмірін сақтап қалған. Ал балаларды вакциналау мәселесін әр ел ұлттық деңгейде талқылауға тиіс.

Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропалық бөлімінің басшысы:

– Вакциналауды міндеттеу – төтенше шара. Оны өзге амал қалмағанда ғана енгізу керек. Мұндай шаралар қоғам сеніміне қалай әсер ететінін ескеру қажет. Қайткен күнде де адамдардың медициналық және әлеуметтік қызметтер алуына шектеу салынбауы тиіс.