Вакцинадан бас тартқан австриялықтар 3600 еуро төлейді

Вакцинадан бас тартқан австриялықтар 3600 еуро төлейді

Австрияда коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандар айыппұл төлейді. Оның мөлшері – 3600 еуро, деп хабарлайды Хабар 24.

Ереже келесі жылдың ақпанында күшіне енеді. Өйткені дәл осы кезде міндетті вакциналау енгізіледі. Бұл талаптан жасы әлі 14-ке толмаған балалар, аяғы ауыр келіншектер, соңғы 180 күн ішінде індетпен ауырып шыққандар және медициналық себептермен препарат қабылдамайтын азаматтар босатылады.

Жалпы, 9 миллион халқы бар Австрияда бүгінде бір миллион адам вакцина салдырмаған.