Рождествоға орай Лондондағы корольдік бақ безендірілді

Рождествоға орай Лондондағы корольдік бақ безендірілді

Рождество дүбірі енді Лондондағы ботаникалық бақта да сезіледі.

Мереке қарсаңында корольдік бақ арнайы безендіріліп, жарқын кейіпке енді. Үш шақырымдық жол жарықтандырылып, оның бойына 14 инсталляция мен 3 жарық шоуы орнатылды. Мамандардың айтуынша, баққа бас-аяғы 3 мыңнан астам шам пайдаланылған.