АҚШ-та торнадо салдарынан қаза тапқандар саны артып барады

АҚШ-та торнадо салдарынан қаза тапқандар саны артып барады

АҚШ-та ойран салған торнадо құрбандарының саны артып барады.

Құтқарушылар Кентукки штатының өзінде қаза тапқандар қатары 80-нен асып отыр дейді. Долы дауыл 10 мың тұрғыны бар Мэйфилд қаласында майшам шығаратын зауыттың тас талқанын шығарған. Болжам бойынша үйінділер астында ондаған адам жатыр. Құтқарушылар жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, соңғы екі күннің ішінде Кентукки, Миссури, Арканзас, Иллинойс пен Теннесси штаттарында 30-ға жуық торнадо болды. Желдің жылдамдығы сағатына 241 шақырымнан асты. Салдарынан 200 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Ондаған адам жарақат алды. Жүздеген ғимарат қирады. АҚШ президенті Джо Байден Кентукки штатында төтенше жағдай жариялады. 

Энди Бешир, Кентукки штатының губернаторы:

- Әзірге нақты қанша адам жарақат алғанын білмейміз. Алғашқы 8 сағаттың ішінде 80-нен астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгінгені белгілі. Құтқарушылар мерт болғандардың санын сағат сайын жаңартып жатыр. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.