Шри-Ланкада табылған алып жақұтқа «Азия ханшайымы» атауы берілді

Шри-Ланкада табылған алып жақұтқа «Азия ханшайымы» атауы берілді

Салмағы 310 келі алып жақұт көпшілікке көрсетілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Асыл тас шамамен үш ай бұрын табылған. Енді оны халықаралық ұйымдар сертификаттаудан өткізуі тиіс. Сондай-ақ сарапшылардың көмегімен құнын анықтау көзделіп отыр. Жалпы жақұт табылған Ратнапура қаласы Шри-Ланканың «асыл тастар астанасы» саналады. Былтыр оларды экспорттау нәтижесінде мемлекет қазынасына жарты миллиард доллар табыс түскен.