АҚШ ауруханаларында орын тапшы

АҚШ ауруханаларында орын тапшы

Соңғы екі аптада елде коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны күрт асып кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Рейтерс ақпарат агенттігінен мәлім болғандай, Нью-Мексикодағы ауруханаларда бос орын тапшы. Дәрігерлер ковидке шалдыққандардың басым бөлігі 30 бен 40 жастағы тұрғындар екенін айтады. Ал вирустан қаза тапқандардың 94 проценті вакцина қабылдамағандар.

Айта кетейік, бүгінде құрама штаттарында 200 млн-нан астам адам егілген. Бұл шамамен америкалықтардың 60 проценті. Енді жергілікті билік аймақта вакциналау науқанын жеделдетпек ниетте. Кейбір штаттар тіпті балаларға екпе егу шарасын жылдамдатуды көздеп отыр.