Мәскеуді қалың қар басты

Мәскеуді қалың қар басты

Мәскеуде кейінгі 28 жылда болмаған қар жауып, жолдардағы қозғалыс қиындады. Осыған байланысты қалада қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды.

Шаһарда небәрі бір тәулікте қардың бір айлық мөлшерінің 20 проценті жауған. Билік тұрғындарды мүмкіндігінше жеке көлігімен жолға шықпауға шақырып отыр. Көшелерді тазалау жұмыстарына 10 мың техника бірлігі мен 70 мыңнан астам маман тартылған.