Британияда омикрон штамынан үркіген халық вакцина алуға асықты

Британияда омикрон штамынан үркіген халық вакцина алуға асықты

Ұлыбританияда екпе салдыруға ниет білдірушілер қатары күрт артты. Өйткені омикронға қатысты қауіп күшейіп барады.

Кеше мұнда жаңа штамнан бір адам көз жұмған. Лондонда тіркеліп жатқан науқастардың 44 процентінен осы омикрон анықталып жатыр. Оның үстіне билік жасы 30-дан асқан тұрғындарға екпенің бустерлік дозасын салдыруға рұқсат берді. Бұған дейін оны тек 40-тан асқандар ғана қабылдай алатын. Сондықтан британдықтар Рождествоны шектеулерсіз қарсы алу үшін үшінші дозаны мерекеге дейін салдырып алуға асығып жатыр.