ДДСҰ: «Омикрон» көп елде таралуы мүмкін

ДДСҰ: «Омикрон» көп елде таралуы мүмкін

Коронавирустың «омикрон» штамы әлемнің көп елінде таралуы мүмкін.

Бірақ бұл туралы ресми түрде ашық айтылып жатқан жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Женевада өткізген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейесус айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша «омикрон» 70 елде ресми анықталған.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– «Омикрон» өте тез өршіп барады. Бұған дейін ешбір штамм мұндай жоғары жылдамдықпен таралмаған еді. Адамдар омикронды әлсіз деп, оған тиісті деңгейде мән бермей отыр. Вакцинадан басқа да барлық сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн.