Малайзияда кеме апатынан 10 адам көз жұмды

Малайзияда кеме апатынан 10 адам көз жұмды
The Star

Малайзияның оңтүстігінде кеме аударылып, салдарынан 10 адам қайтыс болған.

Алдын ала болжам бойынша, олардың барлығы заңсыз мигранттар. Бұл туралы Джохор штатының өрт сөндіру және құтқару қызметі басқармасының өкілі хабарлады.

«Сәрсенбі күні төрт әйел мен алты ер адамның денесі табылды. Тағы 19 адам құтқарылды», – делінген The Star басылымы таратқан мәліметте. Құтқарушылардың ақпаратынша, 29 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету агенттігінің басшысы Хизам Закарианың айтуынша, бортында мигранттар болған кеме Малайзия аумағына заңсыз кірген.