Жапония билігі экономиканы ынталандыруға қосымша бюджет қабылдады

Жапония билігі экономиканы ынталандыруға қосымша бюджет қабылдады
РБК

Жапония қараша айында коронавирустан зардап шеккен экономикасын ынталандыру үшін биылғы қаржы жылына 314 миллиард доллар көлемінде қосымша бюджет қабылдады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл күн шығыс елі тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Қомақты қаржы коронавирустың таралуымен күреске, әлеуметтік-экономикалық белменділікті арттыруға бағытталған. Мысалы 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға әр бала үшін 880 доллардан көмек бөлінбек.