435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Коронавирус әлем елдері экономикасының дамуына тежеу боп тұр

  • 105
  • UPD: 21:29, 15.12.2021

АҚШ-та жаңа жұмыс күші жетіспейді. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей, ел экономикасының дамуын кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы мәліметке қарағанда, алпауыт мемлекетте вирустан көз жұмғандар саны 800 мыңнан асқан. Федералдық рерзерв жүйесі жаңа штамнан әлемдік тауар тасымалдау тізбегіне қысым күшейіп, елде инфляция өсуі жалғасады дейді. Ал еңбек нарығында жұмыс күші тапшылығынан экономикалық белсенділік төмендеуі ықтимал. Оның үстіне билік бірер ай бұрын дерттің таралуын болдырмас үшін қарызы бар азаматтарды жалға алып жатқан үйден шығармау туралы шешімін жойған.

Фрэдди Дэвис, жалға алушы:

– Пәтердің қожайыны пәтерақысын қымбаттатып, баспанадан шығуымды талап етіп жатыр. Мүгедек болғандықтан бұл маған ауыр тиейін деп тұр. Мен сияқты жандар көп қой. Билік мәселені шешуге күш салу керек деп ойлаймын.  

ІНДЕТТТЕН ТУРИЗМ САЛАСЫ ШЫҒЫНҒА БАТТЫ

Коронавирус індеті басталғалы Африка елдерінің туризім саласы да тұралап, зор шығынға батқан. Ковид 19-дан қара құрлықтың бұл саласына 253 миллиард доллардай шығын келген. Туризм саласында еңбек етіп келген африкалықтардың жартысы жұмысынан айырылған. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда Африкада коронвирустың омикрон түрінен індеттің төртінші толқыны басталған. Өткен аптада құрлықта вирусты 196 мың адам жұқтырып алған. Сарапшылар індеттің күшеюіне вакциналаудың баяу жүріп жатқанын себеп деп отыр.

Матшидисо Ребекка Моэти, ДДСҰ-ның Африкадағы бөлімінің директоры:

– Қазір Африкада індеттің төртінші толқыны жүріп жатыр. Оған құрлықта тіркелген короавнирустың омикрон шатмы да әсер еткен. Соңғы аптада вирусты жұқтырғандар 83 процентке артты. Бұл мамыр айынан бері тіркеліп отырған ең жоғарғы көрсеткіш.

КЕЛЕР ЖЫЛДЫҢ ДАМУ БОЛЖАМЫ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Коронавирусқа байланысты Еуропаның ең ірі экономикасы Германияның келер жылы да дамуы тежелейін деп тұр. Мюнхендегі экономикалық зерттеулер институтының мәліметіне қарағанда короанвирустың төртінші толқыны мен тауар жеткізудегі мәселелерден 2022 неміс экономикасының өсуі бәсеңдемек. Алда инфляция одан әрі өсіп, неміс тұтынушыларының сатып алу мүмкіндігін азайтады деп отыр. Дегенмен елде соңғы аптада вирусты жұқтыру дерегі қараша айының бас кезіне қарағанда азая түскен.

Тимо Вольмершайзер, IFO бас экономисі:

– Біз келер жылғы ел экономикасының даму болжамын індетке байланысты өзгертіп 1,4 процентке төмендетті. Себебі күздің алғашқы айында тауар тасымалдау мәселесі жыл соңына дейін шешіліп жағдай оңалар деп сенген едік. Алайда індеттің төртінші толқыны өз болжамымызды өзгертуге әсер етті. Биылғы жылдың соңғы тоқсанында ел экономикасы 0,5 процентке азайады.

БЛУМБЕРГ: ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУЫНА ҚАТЕР КӨП

Блумберг агенттгі 2022 жылы әлем экономикасы тұрақты даму жолына түседі деп болжағанмен, оның өсуіне қауіп-қатер де мол деп отыр. Оның ішінде ең алдымен коронавирустың омикрон түрін айтады. Егер мутацияға ұшыраған бұл короанвиус жұқпалылығы жоғары болып шықса, шектеулер қатаңдатылып, әлем экономикасына кері әсер етуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы