Гаитиде көлік жарылысынан қаза тапқандар саны 75-ке жетті

Гаитиде көлік жарылысынан қаза тапқандар саны 75-ке жетті

Гаитиде жанармай таситын көліктің жарылысы кезінде жарақат алған тағы 15 адам жан тапсырып, құрбандар саны 75-ке жетті. 

Жоқтау айтқандардың зарынан құлақ тұнады. Дәрігерлер тағы бірнеше адамның, өмірі үшін күресіп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша жанармай әкеле жатқан көлік қарсы алдынан шыға келген мотоциклден жалтарамын деп аударылған. Осы сәтті пайдаланған пысықайлар, сұйық отынды шелекке құйып, таси бастаған екен. Сол кезде жанармай қалдығы жақын маңда жанып жатқан қоқысқа тиіп, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күн қаралы деп жарияланған.