Жапонияда сөмкеге сыятын көлік пайда болды

Жапонияда сөмкеге сыятын көлік пайда болды

Адамнан айла артылмайды. Жапондықтар үрлемелі электрскутер жасап шығарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл көлікті сөмкеге салып алып жүруге болады. Қажеті болса сорғының көмегімен әп-сәтте үріп, мініп кете бересіз. Ол сағатына 15 шақырым жер жүреді. Қуаты 90 минутқа жетеді. Әзірге инженерлер скутердің жаппай өндіріске қашан шығарылатынын білмейді. Өйткені оның қауіпсіздігін тексеру керек. 

Хироки Сато, ғалым:

– Скутер жұп-жұмсақ. Әуе шары не баскетбол добы секілді. Ол үстінде отырған адамға қарай пішінін өзгерте алады. Болашақта қозғалыс құралын одан әрі жетілдіру жоспарда бар. Біз скутердің бәрінің көңілінен шыққанын қалаймыз.